Пандемия: 1 қыркүйектегі таңертеңгі жағдай

1 Қыркүйек 2020, 08:50
1953
Бөлісу:
Пандемия: 1 қыркүйектегі таңертеңгі жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйекте таңертең әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 25,3 миллион адамнан асты, деп хабарлайды Джонс Хопкинс университеті.

Университеттің мәліметі бойынша әлемде 25 349 528 адам COVID-19-бен ауырады, 848 394 пациент осы инфекциядан көз жұмды, сонымен қатар 16 703 911 адам жазылып шықты.

Инфекция жұқтырудың ең көп саны бойынша алғашқы ондыққа кіретін елдер:
АҚШ - 6 028 012 жұқтырды, 183 499 қайтыс болды,
Бразилия - 3 862 311 жұқтырды, 120 828 қайтыс болды,
Үндістан - 3 621 245 жұқтырды, 64 469 қайтыс болды,
Ресей - 992 402 жұқтырды, 17 128 қайтыс болды,
Перу - 647166 жұқтырды, 28 788 қайтыс болды,
Оңтүстік Африка - 627 041 жұқтырды, 14 149 қайтыс болды,
Колумбия - 607,904 жұқтырды, 19 363 қайтыс болды,
Мексика - 595 841 жұқтырды, 64 158 қайтыс болды,
Испания - 462 858 жұқтырды, 29 094 қайтыс болды,
Аргентина - 417 735 жұқтырды, 8660 қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус туралы басқа статистиканы ұсынады. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар 25 118 689 адамға жетті, 844 312 адам қайтыс болды. Бір тәулікте әлемде 264 107 инфекция жұқтыру жаңа оқиғасы тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы