Палестина – Израиль қақтығысынан қаза тапқандар саны артты

9 Қазан 2023, 03:24
808
Бөлісу:
Палестина – Израиль қақтығысынан қаза тапқандар саны артты
Фото: скрин

Израильде палестиналық ХАМАС қозғалысының шабуылынан қаза тапқандар саны 600-ден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тағы 2 мыңнан аса тұрғын жараланды. Израиль үкіметі ресми түрде мемлекеттің соғыс жағдайына көшкенін жариялады. Іс жүзінде бұл Израиль әскеріне ауқымды әскери операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Елде барлық мектеп пен жағажай жабылған.

Ал Палестинаның Денсаулық сақтау қазметі Газа секторында қаза тапқандардың саны 370-тен асқанын хабарлады. Тағы 2200 тұрғын жараланған.

Еске сала кетейік, аймақта қарулы қақтығыс кеше ХАМАС қозғалысының Израиль аумағын зымыран атқылауынан соң басталды.

Өзгелердің жаңалығы