Пәкістанның химиялық зауытында өрт шығып, 15 адам қайтыс болды

28 Тамыз 2021, 07:54
3439
Бөлісу:
Пәкістанның химиялық зауытында өрт шығып, 15 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістанның Карачи қаласында химиялық зауыт өртеніп, 15 жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Korrespondent.net. хабарлайды.

Құтқару қызметі зауыт халық тығыз орналасқан жерде орналасқанын айтты. Жартылай қираған ғимараттың үйінділері астынан қазірдің өзінде 15 адамның мәйіті шығарылды, бірақ іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Жылдам жанғыш зат тұтанған кезде ғимаратта барлығы 20-дан астам жұмысшы болған. Осыған байланысты өрт бүкіл ғимаратқа тез тарады.

Енді полицейлер өрттің шығу себебін  тексеріп жатыр. Сонымен қатар, зауытта өрт сөндіруге қажетті құралдар орнатылған-орнатылмағандығын да  анықтауда.

Өзгелердің жаңалығы