Пәкістан Қорғаныс министрі Үндістанмен қақтығыстың одан әрі өршуі мүмкін екенін айтты

29 Сәуір 2025, 08:59
396
Бөлісу:
Пәкістан Қорғаныс министрі Үндістанмен қақтығыстың одан әрі өршуі мүмкін екенін айтты
Фото: REUTERS/ Waseem Khan

Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің одан әрі өршуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, Үндістанның ресми тұлғалары мен бұқаралық ақпарат құралдары Пәкістанды қорлау немесе соңғы оқиғаларға қатысты дәлелсіз айыптаулар жасау арқылы жағдайды ушықтыруы мүмкін.

Шиеленістің өсу мүмкіндігі бар. Үндістандық бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер Пәкістанды қорлауға және мемлекетті жамандауға тырысуы мүмкін, - деді Асиф РИА Новостиге берген сұхбатында.

Қорғаныс министрі Пәкістанның жағдайды одан әрі ушықтыруға ниеті жоқ екенін, алайда Үндістан тарапынан шабуыл жасалса, елдің "пропорционалды жауап беруге" дайын екенін айтты. Ол екі елдің де ядролық державалар екенін атап өтіп, бұл шиеленістің әскери қақтығысқа айналуы мүмкін екенін ескертті, бірақ жағдайды асығыс қорытындылауға болмайтынын айтты.

Бұл мәлімдемелер 22 сәуірде Үндістанның Джамму мен Кашмир аймағында болған шабуылдан кейін жасалып отыр. Шабуылда 27 бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын. Осы оқиғадан кейін Үндістан Пәкістанмен су туралы 1960 жылғы келісімге тоқтау салып, оның ағындарын тоқтатты және Пәкістан азаматтарына виза беруін тоқтатқанын жариялады.

Өзгелердің жаңалығы