Бүгін - Пәкістанда қаралы күн

18 Наурыз 2019, 11:36
2762
Бөлісу:
Бүгін - Пәкістанда қаралы күн

Астана, BAQ.KZ. Жаңа Зеландиядағы қанды оқиғаға байланысты, Пәкістан билігі 18 наурызды қаралы күн деп жариялады.

15 наурыз күні Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы «Аль-Нұр» және «Линвуд» мешіттеріне жасалған қарулы шабуылдан Пәкістанның 8 азаматы қаза болған болатын.

Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши бұл оқиғаға бүкіл елдің қайғырып отырғанын айтты.

Пәкістандықтар әсіресе 50 жастағы Миан Наим Рашидті ерекше атап өтіп жатыр. Себебі ол атыс кезінде 22 жастағы ұлы екеуі мешітке оқ жаудырған террористерге қарсы батыл әрекет жасаған еді. Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан Рашидті "Ұлт батыры" деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қылмыскерлер Жаңа Зеландиядағы екі мешіттің келушілеріне оқ атқаны туралы жазған болатынбыз. Сонымен қатар, кеше атысты ұйымдастырушы Брентон Таррант сот залына әкелінді.

Өзгелердің жаңалығы