Пәкістан армиясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, фельдмаршал Асим Мунирдің Тегеранға сапары барысында Иран мен АҚШ арасындағы қақтығысты реттеуге бағытталған келіссөздерде «жігерлендіретін прогресс» байқалған.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, соңғы тәуліктегі қарқынды келіссөздер тараптар арасындағы өзара түсіністікке жақындауға және болашақ келісімді жеделдетуге ықпал еткен.
Сапар аясында Асим Мунир Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен, соның ішінде СІМ басшысы Аббас Арагчимен, парламент спикері Мұхаммед Багер Галибафпен және президент Масуд Пезешкианмен кездесулер өткізген.
Сонымен бірге Иран тарапы Исламабадтың делдалдық күш-жігерін қолдағанымен, бұл сапарды «түпкілікті келісімге қол жеткізілді» деп бағалауға әлі ерте екенін атап өтті.