Астана, BAQ.KZ. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында азаматтардың мәртебесін өзектендіру мақсатында ұйымдастыру шараларының кешені жүргізілуде. Бұл туралы Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасын хабарлады.
Статистикалық мәліметтер бойынша, елордада 2018 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысына сәйкес 35 695 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат тіркелген.
«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың мәліметтерін өзектендіру және өңдеу BIG DATA деректер қоры, жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры, тұрғындарды тіркеу арқылы жүргізіледі. 30 қаңтардағы жағдай бойынша, 73 925 азаматтың әлеуметтік мәртебесі расталды. Елорданың 55 353 тұрғыны мәртебесін анықтау шаралары өңделуде», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ведомство 1 қаңтардан бастап әрекет ете бастаған бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. ШОБ-тың жаңа құқықтық режимін енгізу салық органдарында формальды емес жұмыспен қамтылған қызметті тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейді.
Бұдан басқа, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Астанада жұмыспен қамтуды формализациялау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша Жол картасы бекітілді.