Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 100 мың теңге алып кеткен адам ұсталды

26 Қаңтар 2024, 00:23
463
Бөлісу:
Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 100 мың теңге алып кеткен адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Полицейлер Орал қаласының тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адамды ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1990 жылы туған Орал қаласының басқа тұрғынына тиесілі 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алдап алып кеткен адам анықталды. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерін және автокөлігін тінту барысында «страйкбол» ойыны үшін автомат, аталған автоматтың 1 магазині, 2 пневматикалық винтовка, полиция қызметкерінің нысанды киімі, көзінің ойықтары бар қара түсті бетперде табылып, тәркіленді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, - делінген ведомствоның ақпаратында.

Ішкі істер ведомствосы осыған ұқсас қылмыстардан жәбір көрсеңіз немесе осыған қатысты қандай да бір ақпаратты білсеңіз дереу полиция қызметіне хабарласуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы