Өзін-өзі өртеді. Бас прокуратурада қаңтарда ұрлық жасау кезінде қаза болғандар туралы айтты

16 Тамыз 2022, 16:59
1481
Бөлісу:
Өзін-өзі өртеді. Бас прокуратурада қаңтарда ұрлық жасау кезінде қаза болғандар туралы айтты

Бірнеше азамат түрлі бизнес объектілерінен тонаулар мен ұрлықтар жасау кезінде қаза болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бірнеше азамат түрлі бизнес объектілерінен тонаулар мен ұрлықтар жасау кезінде қаза болған. Алдыңғы біздің брифингттерде бұл фактілер туралы толық хабарлағанбыз. Мысалы, Алматы тұрғыны жанар-жағармай құю бекетінен жанармайды ұрлау кезінде отты абайсызда қолдану салдарынан өзін-өзі өртеуден қаза болды, - деді ол. 

Оның айтуынша, сол қалада жергілікті тұрғын «МИГ» айырбастау пунктін қарулы тонау кезінде жеке күзет ұйымының қызметкерлерімен қарсылық көрсету барысында өлтірілді.

Сонымен қатар құқық қорғау қызметкерлерінің рұқсат етілмеген жауап алу  әдістерін қолдану салдарынан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу бойынша күдікті 6 адам қаза болғаны тергеумен анықталды. Бұл фактілердің барлығы арнайы прокурорлармен жан-жақты тергелуде, 15 құрылымдық күш қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оларға түрлі бұлтартпау шаралары таңдалды.Сонымен бірге Талдықорған қаласындағы блокпостарда және әскери бөлімнің жанында, сондай-ақ Алматы қаласындағы алаңда жекелеген азаматтардың қаза болуына әкеп соққан, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін бірқатар әскери қызметкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр, - деді ол.

Қилымжанов атағандай, бұл процестің қиындығын және тергеудің ауқымдылығын ескере отырып, қалған адамдардың қаза болу мән-жайлары және олардың өліміне кінәлі адамдарды анықтау жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулердің аясында жүргізіліп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы