Өзімді жақсы сезініп тұрмын: Цой QazVac-тың екінші дозасын салдырды

17 Мамыр 2021, 18:52
1597
Бөлісу:
Өзімді жақсы сезініп тұрмын: Цой QazVac-тың екінші дозасын салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші компонентін алды.

Министр Цой вакцинаның екінші дозасын алғаны туралы Facebook парақшасында жазды.

QazVac екпесінің екінші дозасын алдым. Біріншісіндегідей өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ешқандай жанама әсері байқалмайды, - деді ол.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау басшысы вакцинаның КВИ-ге қарсы тиімді құрал екенін жазды.

Вакцина - пандемиядан шығудың жалғыз тиімді құралы. Аман-сау болыңыздар! Өздеріңізді қорғаңыздар! – деп ведомство басшысы жазды.

Еске сала кетейік, 26 сәуірден бастап елімізде отандық QazVac вакцинасы салына бастады. Оны алғашқылардың бірі болып осы күні №9 емханада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алған болатын

Одан бөлек, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов та отандық вакцинаны салдырды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау 1 ақпаннан бастап жүріп жатыр. Бүгінгі күнгі дейінгі Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы бойынша Қазақстанда 1 844 938 адам вакцина салдырды.

Өткен аптада маманда ОКҚ-да Қазақстан бойынша COVID-19-ға қарсы 798 мың доза вакцина бар екенін айтты. Оның 428 мың дозасы Sputnik V вакцинасы (200 мыңы бірінші компонент және 220 мыңы екінші компонент – дәрігер) және 400 мың Hayat-Vac вакцинасы бар. Сонымен қатар 28 мың QazVac вакцинасы бар.

Өзгелердің жаңалығы