Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірдегі шалғай жатқан ауылдардағы интернет мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өзім бірнеше ауылдарға барып едім,(интернет сапасынан) қиналып қалдым. Ол ауыл тұрғындары 21 ғасырда бүкіл әлемнен кесілген (үзілген) сияқты болып көрінеді. Мектепте жөнді сабақ дұрыс өтпейді. Бұл мәселені біліп отырмыз. «Қазақтелеком» бізге жоспары бойынша 2027 жылға дейін бәрін шешім береміз деген еді. Бірақ ол уақытқа дейін күте алмаймыз, - деді ШҚО басшысы.
Көшербаевтың сөзінше, өңір интернетпен қамтамасыз етілу үшін жеке компанияға уақытша болсын жүгіну керек.
Қаражат жағынан қарастырып, келесі жылдан бастап істейміз, - деді Көшербаев ОКҚ-да өткен брифингте.