Ожго бизнес ашуға қорықпайтын қайсар әйелдер қай өңірде тұратынын айтты

19 Тамыз 2022, 16:28
734
Бөлісу:
Ожго бизнес ашуға қорықпайтын қайсар әйелдер қай өңірде тұратынын айтты

Бұл туралы «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының төрайымы Елена Ожго Қазақстанның оңтүстік облыстарының өңірлік форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

700 ауыл әйелінің ортасында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Әйелдер арасында кәсіпкерлікпен айналысу имиджі жоғары тұр. Бұл ешкімге кедергі емес екенін көруге болады. Ал бизнес ашуға қорықпайтын әйелдер Түркістан және БҚО, Қызылорда облыстарында тұрады. Ал Ақмола, Қарағанды, ШҚО және Алматы облыстарындағы әйелдердің бизнес ашудағы қорқыныштары көп, - деді Ожго. 

Ол атағандай, кәсіпкерлікпен айналысатын ауыл әйелдерінің бойында қандай қасиеттер болатыны да сұралған. 

Жаңашылдықтан қорықпайтын, жақындарының қолдауына ие әйелдер көп жағдайда бизнес ашуға қорықпайды. Ал өз күшіне күмәнданатын әйелдер бизнес тәуекеліне бара алмайды, - деді ол. 

Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түсркістан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ. Жыл сайын 14 облыстық форумдарға Қазақстанның 163 ауданынан 2 100-ге жуық ауыл әйелдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы