Өзгеріс өзіміз үшін қажет

5 Маусым 2022, 15:15
1252
Бөлісу:
Өзгеріс өзіміз үшін қажет

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде референдум күні 718 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр.

Ақмол ауылындағы №639 сайлау учаскесінде ехіt-poll қызметінің өкілдері тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.  

Барлығы да жоғары деңгейде өтіп жатыр. Саяси шараға тұрғындардың бей-жай қарап жатпағаны байқалады. Бәрі ел ертеңі үшін белсенділікпен дауыс беруге келіп жатыр.

Референдумда  ехіt-poll қызметін алғаш рет атқарып отырмын. Алдын ала дайындық курсынан өттік. Өзім «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясының өкілімін. Тұрғындардың белсенділігі жоғары деп айтуға болады. Сайлау учаскесі ашылғалы 18-ден 85 жасқа дейінгі тұрғындарды көрдік. Бүгін сайлау учаскесіне шетелдік байқаушылар да келді. Олар іште сайлау барысын бақылайды. Заң бойынша біз сыртта жүріп 18 жасқа толған сайлау учаскесінен шыққан азаматтардан сауалнама аламыз, - дейді Анаргүл Шындәулет. 

Оның айтуынша, сауалнамалар біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуда. Еxit poll сайлау туралы шынайы ақпарат береді.

Қазір тек облыс орталықтарында ғана емес, сонымен қатар шағын қалалар мен аудан орталықтарында да өмірінде кемінде бір рет әлеуметтік сауалнамаға қатысқан адамды оңай табуға болады. Бұл жерде адамдардың жұмысы, жасы, ұлты сұралады. Тәжірибе танымал. Біздің сайлаушылар үшін бұл жаңалық емес. Сондықтан қарсылық танытып жатқан азаматтар аз. Ал сауаланама нәтижелері сайлау аяқталғаннан кейінгі тәулікте жария етіледі, - дейді ехіt-poll қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, сауалнама нәтижесін уақтылы беру маңызды. Сауалнама бір уақыт аралығында аяқталғаннан кейін интервьюер сауалнама нәтижелерін есептейді және оларды дереу деректер жинау орталығына жібереді.

Ол атап өткендей, елімізде халықаралық талаптарға сәйкес келетін дауыс беру күні сауалнама жүргізудің тәжірибесі де, қалыптасқан дәстүрі де бар. 

Еxit poll 2004 жылдан бастап Президенттің барлық сайлауында және Парламент Мәжілісіне сайлауда өткізілді. Осындай сауалнамаларды жүзеге асыру саяси мәдениет деңгейінің дамуының және қоғамды демократияландырудың көрсеткіші болып табылады. Exit poll деректері бір жағынан, болжамды функцияларды орындайды - ресми сайлау нәтижелері жарияланғанға дейін олар түпкілікті нәтижелерді нақты дәлдікпен бағалауға мүмкіндік береді, екінші жағынан, мұндай сауалнамалардың деректері өткізілген сайлаудың «ашықтығын» бағалауға мүмкіндік береді. Бұл сауалнаманы жүргізетін социологиялық құрылымдардың кәсібилігі ғана оның нәтижелеріне сенуге мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн, - деп нақтылады Анаргүл Шындәулет.

Өзгелердің жаңалығы