Өзгенің ауласынан шырша ұрлаған “Тараздық Гринч” анықталды

22 Желтоқсан 2023, 13:35
606
Бөлісу:
Өзгенің ауласынан шырша ұрлаған “Тараздық Гринч” анықталды
Фото: Polisia.kz

Өзгенің ауласынан шырша ұрлаған “Тараздық Гринч” анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Жаңа жыл қарсаңында Таразда “жергілікті Гринчтер” пайда болып, мерекенің басты сәнi болатын шырша ағашынын ұрлау дерегі тiркелді.

Белгісіз адам шыршаны тұрғын үйдің аумағынан ұрлап кеткен. Бұл туралы полицияға үй иесінің өзі хабарлады.

Күдікті қараңғы түнде биіктігі 2 метрден асатын шырша көшетін ұрлап әкетіп, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

“Шырша” жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері ол облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ер адамның айтуынша, жаңа жылда өз отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін  ұрлаған.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес көрсетілген қылмысты жасағаны үшін бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе  сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту,  мүлкі тәркіленіп немесе  үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделеді.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы