Өзбекстанға вакцина COVAX бағдарламасы аясында жеткізіледі

4 Ақпан 2021, 13:54
1242
Бөлісу:
Өзбекстанға вакцина COVAX бағдарламасы аясында жеткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан  COVAX бағдарламасы аясында 2 млн 640 мың доза  AstraZeneca/Oxford вацинасын алады. Вакцинаның бір дозасының бағасы 3 доллар. Бұл туралы  ЮНИСЕФ сайтында жазылды деп centralasia.media хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек,  COVAX коронавирусқа қарсы вакцинациялау бағдарламасы аясында маусым айына дейін табысы төмен және орташа 92 елге вакцина жеткізілмек. 

AstraZeneca фармацевтикалық компаниясының қызметкерлері вакцинаны Оксфорд университетінің ғалымдарымен бірлесіп жасаған. Ол векторлы вакцина болып табылады. Векторлы вакцинаның әсер ету прицнипі – ол ағзаға зиянсыз коронавирустың жаға типінің вирусы мен генін пайдалану арқылы жасалады.  

Көптеген ел AstraZeneca вакцинасын жасы 65-70-тен асқан жандарға егуге кеңес бермейді. Lancet аталмыш вакцинаның тиімділігі 67 пайызды құрағыны туралы жазған.

Өзгелердің жаңалығы