Өзбекстан Ресейдің «газ одағын құру» ұсынысынан бас тартты

8 Желтоқсан 2022, 17:17
936
Бөлісу:
Өзбекстан Ресейдің «газ одағын құру» ұсынысынан бас тартты

Өзбекстан Кремльдің «газ одағын құру туралы» ұсыныстарына келіспейтінін айтты, деп жазады BAQ.KZ  Reuters басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан ұлттық мүдделеріне қауіп төндіретін шарттармен келіспейді. Және де, саяси шарттарды газға айырбастамайтынын мәлімдеді.

Ресеймен газ келісімі жасалған күннің өзінде бұл одақ болады дегенді білдірмейді, – деді Өзбекстан энергетика министрі Жорабек Мырзамахмұдов.

Өзбек тарапының мәлімдеуінше, Ресей газын Қазақстан құбыры арқылы тасымалдау бойынша келіссөздер жүргізілген, алайда бұл одақ емес, «техникалық келісімшарт».

Өзгелердің жаңалығы