Өзбекстан бізден біршама алда – Тимур Жантикин атом энергетикасы туралы

28 Мамыр 2024, 12:27
757
Бөлісу:
Өзбекстан бізден біршама алда – Тимур Жантикин атом энергетикасы туралы
Фото: автордан

Бұл туралы еліміздегі атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы форумда "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Уранды ең көп өндіретін, атом өнеркәсібі дамыған, яғни ядролық отын өндірісі бар, әлемдегі алғашқы жылдам реакторды пайдалану тәжірибесі бар Қазақстан атом энергетикасын дамытуда аймақта көшбасшы бола алатын еді, – деді ол өз сөзінде.

Бірақ Тимур Жантикин бүгінде көрші елдер бізден біршама алда екенін айтты.

Кеше Өзбекстан Ресеймен келісімге қол қойды деген хабар келді. Ал осы жазда Өзбекстанда атом электр станциясының құрылысы басталуы мүмкін, - деді Жантикин.

Өзбекстан бізден біршама алда – Тимур Жантикин атом энергетикасы туралы

Ол атом энергетикасы ел болашағы туралы мәселе екенін жеткізді. Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы міндеттер алғанын еске салды.

Атом энергетикасынсыз Қазақстандағы базалық генерация сұрақ тудырады. Ал тұрақты экономикалық даму үшін жақсы, базалық энергия керек, – деді ол.

Айта кетейік, "Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары" тақырыбындағы мүдделі тараптардың форумын "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп өткізіп жатыр.

Форумның негізгі мақсаты – атом энергетикасын дамыту жоспарларын, оның ішінде Қазақстанда атом электр станциясын салуды бірлесіп талқылау үшін мүдделі тараптарды бір пікірталас алаңында біріктіру.

Өзгелердің жаңалығы