Бүгін, 11 тамызда түнде Өзбекстан астанасында болған ірі өрт салдарынан "Уч Кахрамон" базары толығымен жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Oblakouz Telegram арнасының хабарлауынша, өрт 02:22-де шыққан. Жеті минут ішінде оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп, сөндіруге 10 бригада қатысты.
Өрт 03:24-те оқшауланып, тек 04:46-да толығымен сөндірілді. Шамамен екі жарым сағатқа созылған жалын базарды түгел дерлік шарпыды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.