«Өз ұстанымында жүрсе де заң бұзып жатқан жоқ». Әбдіғалиұлы өңірдегі діни ахуал жайлы

20 Қараша 2023, 13:30
4912
Бөлісу:
«Өз ұстанымында жүрсе де заң бұзып жатқан жоқ». Әбдіғалиұлы өңірдегі діни ахуал жайлы
Фото: ОКҚ

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдегі діни ахуалдың тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі «Сіз діни радикал азаматтардың біразы Сирияға Сәтпабевтан кеткен деп айтып өттіңіз. Өңірдегі дәл қазіргі діни ахуал жайлы қысқаша айта кетсеңіз және сол Сириядан келгендер туған жеріне қалай бейімделіп жатыр? Әлі де радикалды ошақтар бар ма? деп сұрақ қойды.

Әкімнің айтуынша, өңірде теологтар, дін басқармасының өкілдері ағарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Көптеген іс-шаралар өтеді. Ахуал тұрақты деуге болады. Неге олай басталып кеткені жөнінде себебін айта алмаймын. Арнайы органдардың бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бізге беріп отырған ақпараты бойынша ахуал тұрақты. Тұрғындарымыз ресми дін жолында деп айтуға болады. Өз ұстанымында жүрседе қоғамның тәртібін қабылдап, заң бұзып жатқан жоқ, - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Өзгелердің жаңалығы