10 тамызда Алматы облысының Өтеген батыр ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің дәретханасында қоқыс шелегі жанып, салдарынан пәтер мен подъезд қатты түтіндеді. Өртке себеп – кішкентай баланың отпен ойнауы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндірушілер есікті бұзып, пәтерге кіріп, құтқару қалпақшасының көмегімен балконда тұрған 2015 жылғы қызды эвакуациялады. Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды, - деп жазды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.