Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған шымкенттік сотталды

9 Ақпан 2021, 23:39
1427
Бөлісу:
Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған шымкенттік сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Атап айтқанда, жалпыреспубликалық «Стоп-ойын» жедел іс-шарасы барысында, «Колос» мөлтек ауданы мен «Көктем» базары аумақтарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастыру дерегімен айналысқан екі азаматтың заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді.

Сот үкімімен, көрсетілген ұйымдастырушылар ҚР ҚК 307 бабы 1-б. (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1000 АЕК (2 778 000 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды. Тәркіленіп алынған айғақты заттар (2 телевизор, 9 жүйелі блок, 9 монитор, 3 ойын аппараты және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Қаржылық мониторинг Агенттігі заңсыз ойын бизнесін белгіленген жерлерден басқа аймақтарда ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қатаң ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы