Ойын бизнесінің салығы 30%-ға дейін өсуі мүмкін

27 Қазан 2023, 12:05
1157
Бөлісу:
Ойын бизнесінің салығы 30%-ға дейін өсуі мүмкін
Фото: pixabay.com

Елімізде ойын бизнесі саласы үшін КТС мөлшерлемесін 25-30%-ға дейін арттыру ұсынылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенатта өткен Салық кодексіне арналған Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда азық-түлік тауарларын өндіру және қайта өңдеу үшін ҚҚС салудың тиімді жағдайлар жасалған. Сондай-ақ бөлшек саудагерлер бөлшек салық режимін қолданады, онда ҚҚС-тан босату да қарастырылған. Бұл жеңілдіктер сақталады, - деп айтты Қуантыров.

Сонымен қатар ҰЭМ КТС (корпоративтік табыс салығы) мөлшерлемесін саралауды ұсынып отыр.

Шикізат және қаржы секторлары, сондай-ақ ойын бизнесі салалары үшін КТС мөлшерлемесін 25-30%-ға дейін арттыру ұсынылады. Сондай ақ шығындарды ауыстыру мерзімдерін және талап қою ескіру мерзімін 5 жылға дейін теңестіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Ұлттық экономика министрі.

Шығындарды ауыстыру мерзімі салық төлеушінің өтініші бойынша 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, бұл ретте талап қою мерзімі осы мерзімге ұзартылады.

Жалақы бойынша табыстар үшін ЖТС мөлшерлемесін жылына 480 ЕТЖ астам мөлшерде арттыру ұсынылады.

Сондай-ақ ЖТС мөлшерлемесін дивидендтер үшін акцияларды 3 жылдан астам иеленген кезде – 5%, 3 жылдан аз акцияларға иелік еткен кезде - 15%, сыйақылар мен құн өсімі - 10% анықтау ұсынылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы