"Оймашыдағы" оқу полигоны

9 Қыркүйек 2020, 21:38
1430
Бөлісу:
"Оймашыдағы" оқу полигоны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов «Оймашы» оқу полигонында болды. Өңір басшысы ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевпен бірге жауынгерлердің бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуларына қатысып, жауынгерлердің әскери әлеуетімен танысты.

Ведомство басшысы жеке құрамның іс-қимылдарына жоғары баға беріп, жауынгерлік даярлық деңгейін ұдайы арттыруды тапсырды.

Өңірде әскерилердің оқу-жаттығулары 4 қыркүйекте басталған. Шара «Батыс»  өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бастамасымен өтуде. Жаттығудың жоспары бойынша теңіз жаяу әскерлері мемлекеттік шекараны күшейтіп, елді мекендердің біріне орныққан заңсыз қарулы құрылымды жою керек.

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде теңіз жаяу әскерлері жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін  көрсетті. Шабуылдаушы бригада өз құрамына күшейту бөлімшелерін қабылдап, тактикалық топ құрды. Содан кейін, бригада командирі қаруланған қарсыластарға шабуыл жасау туралы шешім қабылдады. Тактикалық топ түнгі уақытта жасырын түрде базалық ауданға өтіп, инженерлік жабдықтарын орнатты. Осы уақытта теңіз жаяу әскерінің кейбір бөлімшелері ҰҚК Шекара қызметі департаментімен бірлесіп, мемлекеттік шекара учаскесінде содырлардың шабуылын пысықтады. Шараның соңында бригадалық топтың командирі басып алынған елді мекенді содырлардан босату  туралы тапсырма алды.

Оқу-жаттығу барысында біз шабуылдаушы жасақ құрамын іріктеу, елді мекенді барлау, шабуыл жасау кезіндегі жеке құрам мен әскери техниканың іс-қимылын, сондай-ақ елді мекенге шабуыл жасау кезіндегі бригадалық тактикалық топтың практикалық шаралары бойынша мәселелер егжей-тегжейлі зерделенді. Қазіргі заманда бұл тақырып өте өзекті. Себебі,осындай әскери қақтығыстардың сипаты қалалық жерлерде орын алу ықтималдығы жоғары , - деп атап өтті теңіз жаяу әскерлері бригадасы командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары Асылхан Мұқышев.

Болашақта осындай урбанизацияланған жердегі әскери операциялар әдеттегі «ұрыс алаңын»  алмастыруы мүмкін. Сондықтан Қарулы Күштер қазіргі әлемде болып жатқан соғыс тәжірибелерін мұқият бақылап отырады.
Өзгелердің жаңалығы