Отырарда шибөрі екі балаға шабуыл жасады: біреуі ауруханада жатыр

Оқиға ауданның ішінде, балалар ойнап жүрген кезде болған.

Бүгiн 2026, 13:29
АВТОР
 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 13:29
Бүгiн 2026, 13:29
268
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысы Отырар ауданында шибөрінің балаларға шабуыл жасағаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқылануда. Оқиға Ескі Шілік ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жыртқыш бір емес, екі балаға ұмтылған.

Тұрғындардың айтуынша, 4 жасар қыз ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға ауданның ішінде, балалар ойнап жүрген кезде болған.

Куәгердің сөзінше, жағдай күндіз, шамамен сағат төрт-бестер шамасында болған. Жыртқыштың ауылдың шетінде емес, дәл ортасында пайда болуы – бұл жағдайдың ерекше қауіпті екенін көрсетеді.

Ескі Шілік ауылының тұрғыны Талғат Мыңбаев оқиғаның қалай болғанын редакциямызға айтып берді.

Көршімнің 4 жасар қызын шибөрі талап тастап, одан кейін екінші көршінің баласына қарай ұмтылды. Сол кезде алдынан шығып, өзіме қарай келгенінде ұстап, қылқындырып, өлтіруге тура келді. Кейін ветеринарларды, жедел-жәрдемді шақырдым, - дейді ол.

Оның сөзінше, бұрын мұндай жағдай болмаған, алғаш рет болып отыр.

Әкімдік не дейді?

Оқиғаға қатысты Отырар ауданы әкімдігі жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазір тиісті қызметтер тексеріс жүргізіп жатыр.

Иә, бұл оқиға бойынша хабардармыз. Оқиға болғаннан кейін ауыл округі әкімдігі аппаратының мамандары, сондай-ақ ветеринариялық пункт қызметкерлері дереу барған. Тұрғынды тістеген шибөріні сол жерде тұрғын өлтірген. Қазір оның өлексесі ветеринариялық зертханаға жеткізіліп, сараптама жүргізіліп жатыр, - деді Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жасұлан Қысмұратов.

Ал тұрғындарға құтыру ауруына қарсы екпе салынған. Қазіргі таңда жыртқыштың құтыру ауруымен ауырған-ауырмағаны, елді мекенге не себепті кіргені зертханалық тексеріс нәтижесінде анықталады.

Бұған дейін Астананың сол жағалауында тұрғындар түлкі байқаған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх