Өткізілмеген тойлардың 7,5 млн қаражатын қайтаруға қатысты 47 шағым түсті

16 Шілде 2020, 17:46
2158
Бөлісу:
Өткізілмеген тойлардың 7,5 млн қаражатын қайтаруға қатысты 47 шағым түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 11 мыңнан астам тұтынушы арыз түсірді.

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті бір жыл ішіндегі атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Құрылған сәттен бастап комитетке 11 000 астам тұтынушы жүгінді.

Азаматтардың өтініштерінің себептері көп жағдайда сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту, тауардың тиісті сапасыздығы, қызметтердің/жұмыстардың сапасыз орындалуы (автомобильді, техниканы жөндеудің сапасыз қызметтері, жиһаз жасау және т.б.), таңдауды шектеу (белгілі провайдерді интернетті қосуға мәжбүрлеу), алаяқтық болып табылады.​​​

Есепті кезеңде аумақтық департаменттер жетілмеген туристік турлар үшін жалпы сомасы 24 158 466 теңге (23 487 016 теңге – шетелдегі демалыс үшін, 671 450 теңге ел ішінде) ақшалай қаражатты қайтару бойынша 85 өтінішті қарады, оның ішінде 4 250 202 теңге қайтарылды. Сондай-ақ, кейбір өтініш бойынша тараптардың күнді ауыстыру туралы уағдаластығына қол жеткізілді. 

Сонымен қатар, ең көп таралған туристік бағыттар Түркия, Египет, Еуроодақ елдері, сондай-ақ, ішкі туризм бойынша Алматы және Түркістан облысы болып табылады. 

​​​​​​2020 жылдың есепті кезеңінде болмаған іс-шаралар үшін жалпы сомасы 615 620 теңгеге 29 билет бойынша өтініштер келіп түсті, оның ішінде 11 тұтынушының шағымдары бойынша 339 620 теңге қайтарылды. Қалған 4 шағым бойынша жұмыс жүргізілуде. Билеттер Нұр-Сұлтан қаласындағы Успенскаяның, "Руки Вверх!" тобының концерттеріне, Белгородтағы "Халық шығармашылығы" фестиваліне, "Астана – Опера" театрының қойылымдарына және басқа да іс- шараларға сатып алынды. ​​

Мейрамханаларда, дәмханаларда және т.б. орындарда әртүрлі отбасылық мерекелердің, өткізілмеген тойларына қаражат қайтару мәселесі бойынша өтініштердің саны жалпы сомасы 7 544 000 теңгеден астам 47 өтінішті құрады. Оның ішінде 5 030 000 теңге сомасына қайтару жүзеге асырылды, қалған өтініштер бойынша сот органдарына жүгіну ұсынылды. ​​​​​​​​​​​

Айта кететін жайт, соңғы шамамен жарты жылдың көлемінде тұтынушылардың құқығын қорғауға Телеграм-бот арқылы көмек беріп келеді. Ол тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңның нормаларын түсіндіріп, Комитеттің аймақтық департаменттері жайлы ақпаратпен бөліседі. Шағым түсіруге ыңғайлы болу үшін тұтынушы бот арқылы өзіне қажетті саланы таңдап (сауда-саттық, қаржылық, медициналық қызмет түрлері, т.б.), өз сұрағын/арызын қалдыра алады. Бот 24/7 жұмыс істейді, сондықтан сіз кез келген уақытты құқықбұзушылықтың ізіне түсіп, фото-видео жіберіп, шағым түсіре аласыз. ​Одан бөлек, кез келген тұтынушы шағымын Egov.kz электроны үкіметі сайтында немесе +7 (7172) 75-16-32 нөмірі бойынша жедел желі арқылы қалдыра алады, - делінген ведомство мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы