Рим папасы Франциск Қазақстан тұрақты дамуы үшін халықтың бірлігі берік болу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлем тарихында өзекті өртейтін жағдайлар да жоқ емес: зорлық-зомбылық, атеистік қудалау, түрлі қиын жағдайлар. Онда халықтың бостандығына қауіп төнді. Бізге бастан кешкен азап туралы естеліктерді есте сақтау да маңызды. Сондықтан жадымыздағы кейбір түсініксіз жағдайларды естен шығармағанымыз абзал..., - деді Католик шіркеуінің басшысы елордада өтіп жатқан мессада.
Оның пікірінше, әлем халықты бейбітшілікті сақтау үшін бірлесіп күресуі керек.
Жоқ, бейбітшілікті бірден және мәңгі орнатуға болмайды. Ол үшін күн сайын еңбектену керек яғни түрлі этникалық топтар мен діни дәстүрлер дамып, әлеуметтік әділеттілік орнауы қажет. Сондай-ақ Қазақстанның тұрақты дамуы үшін және басқа ұлттармен және мәдениетпен ынтымақтастық байланыс орнату үшін ортақ күш-жігер керек. Ал оған дейін Құдайға сену керек..., - деді Рим папасы Франциск.
Еске салайық, астанада месса өтіп жатыр. Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі аясында жоспарланған маңызды іс-шараның бірі болып саналады. Діни рәсім барысында діни әндер айтылып, дұғалар оқылады.