Өткен жылы қанша егіз бен үшем дүниеге келді

4 Қазан 2023, 13:00
815
Бөлісу:
Өткен жылы қанша егіз бен үшем дүниеге келді
Фото: BAQ.KZ - архив

Өткен жылы Қазақстанда қанша егіз бен үшем дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы 8268 егіз бен 151 үшем дүниеге келді. Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1185 егіз.

Одан кейін Алматы облысы мен Алматы қаласы, сәйкесінше 782 және 756 егіз.

Үшемнің туу көрсеткіші бойынша тізім басындағы аймақтар: Түркістан облысы – 24 үшем, Алматы қ. – 21 және Астана қ. – 18. Өткен жылы төртем дүниеге келуі тіркелмеді.

Жалпы 2022 жылы туған сәби саны 403,9 мың.

Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкент қаласында (27,13) байқалды. Туудың негізгі үлесін 30-34 жас (28,6%) және 25-29 жас (28,1%) жастағы әйелдер құрайды.

Өзгелердің жаңалығы