Өткен жылы Алматыда 20 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды

8 Қаңтар 2021, 16:35
1089
Бөлісу:
Өткен жылы Алматыда 20 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы Алматыда 23 897 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 

Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар – 735 адам, еңбек порталы арқылы – 11 403 адам және мемлекеттік қолдау шараларынсыз – 11 759 адам жұмыспен қамтылған.

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 76 301 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 35 032-сі тұрақты. Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылуда. Ондағы 228 инфрақұрылымдық жобада 26 мың жұмыс орнын құру көзделген, бюджеті 104 млрд теңге, - дейді ол.

Оның айтуынша, құрылатын жұмыс орындарының 50%-ы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздарды жіберу есебінен қамтамасыз етілген. 

Барлығы 21,8 мың жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастырылған жастардың үлесі 37%-ды құрайды, яғни 4 054 адам. Қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері 92 мың теңгені құрайды, - дейді Данияр Әлкебайұлы. 

Сонымен қатар ҚР Премьер-министрінің өкімі бойынша жұмыс берушілер алатын жалақыға қосымша біржолғы материалдық көмек төленеді екен. Оны 753 қызметкер алған.

Өзгелердің жаңалығы