Өткен жылы 650 мың тонна нан өндірілді – АШМ

12 Ақпан 2021, 09:23
1614
Бөлісу:
Өткен жылы 650 мың тонна нан өндірілді –  АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін өңдеу мен өндіру көлемі өскен.

Коронавирус пандемиясына қарамастан 2020 жылдың 12 айында Қазақстанда бидай глютені өндірісі 4,3 мың тоннадан 6,1 мың тоннаға дейін артып, шамамен 42%-ға өсті. Өңделген күріш өндірісі 166 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін жетіп, 20%-ға өсті. 

Крахмал 2019 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға (32,6 мың тоннадан 37,3 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері 6,3%-ға (168,3 мың тоннадан 178,8 мың тоннаға дейін), кондитерлік өнімдер 2,6%-ға (237,9 мың тоннадан 244,2 мың тоннаға дейін), ұн 1,6%-ға (3,27 млн тоннадан 3,32 млн тоннаға дейін), маргарин 1%-ға (62,4 мың тоннадан 63 мың тоннаға дейін) артық. 

Піскен нан алдыңғы жылдың деңгейінде (644,6 мың тонна) өндірілді. 

Сонымен қатар қайта өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар өндірісінің 30%-ға (6,7 мың тоннадан 4,7 мың тоннаға дейін), жеміс және көкөніс шырындары өндірісінің 21%-ға (74,8 млн литрден 59,2 млн литрге дейін), картоптан басқа қайта өңделген және консервіленген көкөністер өндірісінің 12,5%-ға (24,3 мың тоннадан 21,3 мың тоннаға дейін), тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірісінің 2,4%-ға (475-тен 464 мың тоннаға дейін) төмендегені байқалады, - делінген хабарламада.   

Өзгелердің жаңалығы