Өткен жылы 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған – Динара Закиева

15 Ақпан 2021, 12:11
1632
Бөлісу:
Өткен жылы 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған – Динара Закиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалардың құқын қорғау бойынша республикалық кеңестің төрайымы, "Қамқорлық" корпоративтік қорының жетекшісі Динара Закиева бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Құрметті достар! Қазір Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына енгізу ұсынылып жатқан "буллинг" ұғымы белсенді талқылануда.

Жұртқа мәлім, ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев ҚР 2021 жылдың қаңтарында VII шақырылған Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және буллингтің алдын алу мәселелерін шешу үшін шаралар қабылдау қажет екенін айтты. Бұған дейін Президент 2020 жылғы Жолдауында кибербуллингтің алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажеттігін ерекше атап өткен, - деп жазды ол.
Буллинг (қорлау) - балалардың алдында тұрған, көбінесе мектепте кездесетін өзекті мәселелердің бірі.
ҚР Ұлттық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы еліміздегі оқушылардың 12%-дан астамы буллинг пен қорлауға ұшыраған. Тек өткен жылдың өзінде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған, 306 жасөспірім бұған әрекеттенген.

Аталмыш мәселені зерттеу, алдын алуға бағытталған бағдарламалар әзірлеу, осы құбылысқа әкелетін себептермен айналысу, мектептегі буллингтен (қорлаудан) қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет. Тұжырымдаманың болмағанынан ресми статистика да жүргізілмейді, - деді Закиева.

Тұжырымдама редакциясын талқылау мақсатында барлық тілек білдірушілер ҚР Білім және ғылым министрлігінің алаңында өтетін кіші топқа біріктірілді. Тұжырымдаманың редакциясында жұмыс істеуге ниет білдіргендердің бәрі талқылауға кедергісіз қосылды. Аталмыш топқа жылдар бойы балалар мен отбасыларға, соның ішінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін көптеген қоғам қайраткерлері, сарапшылар қатысуда. Олардың қатарында Қуат Дүйсен - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант, белгілі профессор М. Ш. Қоғамов, белгілі тіл мамандары да бар.
Жұмыс топтарының отырыстарына қатысқысы келетіндердің барлығына әр сәрсенбі күні сағат 15.00-де ҚР Парламентінің сайтында отырыстың тікелей эфирі өтетінін хабарлаймыз. Отырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Тұжырымдаманың редакциясы әзірленгеннен кейін ол негізгі жұмыс тобында өткізілетін талқылауға шығарылады. Жұмыс тобы оны талқылап, дауыс беру өткізеді. Әр отырыстың алдында 109 адам қатысатын жұмыс және сараптама топтарының барлық мүшелеріне кестелер мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберіледі.

Бәріміз ата-анамыз, бұл ұсыныс ең алдымен еліміздің барлық баласын қорғау үшін енгізілуде.

Өкінішке қарай, қазір қоғам өкілдерінің кейбірі сындарлы ұсыныс жасамай, балаларға көмектесу тәжірибесі болмай, процесті саясаттандыруда, халықты буллинг үшін жаза (оның ішінде қылмыстық жаза) қарастырылған деп адастырып, айла-шарғы жасап басқа да шындыққа сай келмейтін ақпарат таратып жүр.

Шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратқандарға әрекеттері үшін заң бойынша жауапкершілік көзделгенін еске салғым келеді. Барлық ақпаратты ҚР Парламентінен немесе жұмыс тобының жетекшісі ретінде менен ресми түрде сұрауларыңызды өтінеміз, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы