Өткен түнде республикалық маңыздағы күре жолдарға 850 м3 құм-тұз қоспасы себілді

1 Желтоқсан 2022, 14:00
735
Бөлісу:
Өткен түнде республикалық маңыздағы күре жолдарға 850 м3 құм-тұз қоспасы себілді

30 қарашадан 1 желтоқсанға  қараған түні республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстарына 240  бірлік арнайы техника мен 330 жолшы маман жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің республикалық автожолдарында жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін өткен түнде 850 м3 құм-тұз қоспасы себілді.

Сонымен қатар, ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы 1403 қысқа нөмірі бойынша жұмыс жасайтын call-орталығы операторлары республикалық тасжолдарды пайдаланушылардан келген 1 мыңға жуық қоңырауды өңдеді. 

Ал бүгін сағат 11:00-ден бастап "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов кілттері" республикалық маңызы бар автомобиль жолының Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралығында профилактикалық қар көшкінін өткізу жұмыстарына байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы