Өткен тәулікте шетелден 3 778 жолаушы ұшып келді

5 Маусым 2021, 11:15
1395
Бөлісу:
Өткен тәулікте шетелден 3 778 жолаушы ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 4 маусымында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.


2021 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Грузия, Түркия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 778 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 015 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 136 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 297 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 182 жолаушы,

Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 148 жолаушы.


Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Өзгелердің жаңалығы