Елімізде КВИ-ден 9 адам, пневмониядан 4 адам қайтыс болды

11 Желтоқсан 2020, 09:05
1306
Бөлісу:
Елімізде КВИ-ден 9 адам, пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 11 желтоқсанда тіркелген коронавирус пен коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 137 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты. 4 адам пневмониядан көз жұмды, - делінген ақпаратта.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43635, 462 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31282 жетті.

Сонымен қатар қазір коронавирустық инфекциядан 13 818 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 999 бала бар. Стационарларда 3 862 науқас жатыр. 9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 237 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 9 адам КВИ-ден қайтыс болды, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы