Өткен тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды

5 Қараша 2020, 09:12
1018
Бөлісу:
Өткен тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 209 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. 64 адам емделіп шықты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 223 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 572 науқас жатыр. 2 651 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 38490, 406 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28963 адамға жетті.


Өзгелердің жаңалығы