Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елімізде ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 14 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1257 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 313 551 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 353, Алматы қаласында - 349, Шымкент қаласында – 103, Ақмола облысында – 30, Ақтөбе облысында – 7, Алматы облысында - 115, Атырау облысында - 23, Шығыс Қазақстан облысында - 15, Жамбыл облысында - 60, Батыс Қазақстан облысында - 13, Қарағанды облысында - 70, Қостанай облысында - 17, Қызылорда облысында - 51, Маңғыстау облысында - 16, Павлодар облысында - 9, Солтүстік Қазақстан облысында - 5, Түркістан облысында - 21.