Өткен тәулікте індеттен үш адам қайтыс болды

29 Қараша 2020, 09:38
1430
Бөлісу:
Өткен тәулікте індеттен үш адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 164 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 72 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр. 9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 32 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 42104, 443 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30494 жетті.

Өзгелердің жаңалығы