Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 164 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 72 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр. 9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 32 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 42104, 443 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30494 жетті.