Өткен тәулікте 95 адамнан коронавирус анықталды

29 Наурыз 2023, 09:31
697
Бөлісу:
Өткен тәулікте 95 адамнан коронавирус анықталды
Фото: h-clinic.ru

Өткен тәулікте 95 адамнан коронавирус, 8 адамнан пневмония анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 713 адам коронавирус инфекциясынан (–1 536+ және 177 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 168 пациент стационарда, 1 545 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 4 адамның жағдайы ауыр,

• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы