Өткен тәулікте 140 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 1 374 адам коронавирус инфекциясынан (–1 183 + және 191 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 191 пациент стационарда, 1 183 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.