«Өте қисынды және дұрыс». Скляр Шөкеевтің әрекетіне қатысты ойын айтты

27 Тамыз 2022, 11:39
6106
Бөлісу:
«Өте қисынды және дұрыс». Скляр Шөкеевтің әрекетіне қатысты ойын айтты

Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтің кулуарында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуіне қатысты ойын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Ол аймақ басшысының тәжірибелі маман екенін атап өтті.

Өмірзақ Естайұлы тәжірибелі басшы, ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарын басқарды. Оны расында да маңызды саяси тұлға деп атауға болады, - деді Роман Скляр.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қабылдаған шешімін өте дұрыс деп санайды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда тікелей басшының отставкаға кету туралы өтініш беретіні жазылған. Оны жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе кері қайтарады. Сондықтан Өмірзақ Шөкеевтің әрекеті өте қисынды және дұрыс, - деді Роман Скляр.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Шөкеев отставкаға өтініш берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы