Желіде қаладағы шағын аудандардың бірінде болған қыздардың жаппай төбелесінің видеосы тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Видео кадрларында қыздардың айқайлаған дауысы естіліп, бір-бірінің шашынан ұстап тұрған сәттері көрінеді.
Иә, қыздар өте қатыгез болуы мүмкін, – делінген видеоның сипаттамасында.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған видеоға қатысты пікір білдірді.
Аталған дерек бойынша Әуезов ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр. Қақтығысқа қатысушылар мен оның мән-жайы міндетті түрде анықталып, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданады, – деді полиция.