Отбасының цифрлық картасы

27 Тамыз 2022, 18:00
2706
Бөлісу:
Отбасының цифрлық картасы

1 қыркүйектен бастап «Отбасының цифрлық картасы» атты жаңа ақпараттық жүйе жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол бүкіл халықты яғни, 19 млн-нан астам адамды немесе 6,5 млн отбасын қамтиды және әрбір адамның белгілі бір мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілігін айқындау процесін автоматтандырады.

Отбасының цифрлық картасының жұмыс істеу алгоритмі келесідей түрде іске асырылатын болады:

– Мемлекеттік кепілдікті алуға құқығы бар адам Еңбекминінен смс-хабарлама алады, онда оған қандай да бір қолдау көрсетілетіні туралы ақпарат болады;  
– смс-ке жауап беру арқылы бұл шараны қабылдауға келісуіңіз немесе бас тартуыңыз керек; 
– алушы келіскен жағдайда жәрдемақы тағайындалады, содан кейін жәрдемақы алушының шотына аударылады.

Өзгелердің жаңалығы