Отбасын қалай қате басқарса, мемлекетті де солай басқарып жатыр – Мырзабаев

24 Маусым 2024, 11:31
1364
Бөлісу:
Отбасын қалай қате басқарса, мемлекетті де солай басқарып жатыр – Мырзабаев
Фото: Артём Чурсинов - архив

Отбасы академиясының негізін қалаған психолог Ержан Мырзабаев мемлекет пен отбасын басқаруда байланыс барын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отбасын басқара алмаған адам Отанын да дұрыс басқара алмайды. Дамыған елдерде отбасыңызға байланысты бір кризис, проблема, айқай шығатын болса, бұл сіздің саяси мансабыңызға қатты әсер етеді. Кәсібіңізге, қоғамдық белсенділігіңізге қатты әсер етеді. Бізде өкінішке қарай ондай нәрсе жоқ. Бізде мемлекет басқарып жатқан адамдарға, әкімдікте жұмыс істеп жатқан, қоғамға танымал адамдарға қатысты «оның үшінші әйелі ғой, бесінші әйелі шығар» деп қалыпты нәрсе сияқты, емін-еркін айтып жатады, - дейді психолог.

Сондай-ақ Ержан Мырзабаев қоғам алдындағы жауапкершілікті де қозғап кетті. Қазір танымал тұлғаларға қатысты Cancel culture (“жоққа шығару мәдениеті”) біздің қоғамда жиі көрініс табады. Яғни жұртқа атағы кең жайылған адам не кез келген бренд қоғамның қандай да бір моральдық нормасына қайшы, белгілі бір топты қорлайтын, сексистік не гомофобиялық мәлімдеме/іс-әрекет/мәтін/өнім жасаса, соған қарсы әлеумет реакция білдіреді. 

Бірақ психологтің айтуынша, елімізде отбасы құндылығы үшін cancel жасау мәдениеті жоқ.

Біз отбасы құндылығы үшін, отбасы ұстанымы үшін cancel жасамаймыз. Cancel жасамағандықтан, бұл кісілер отбасын қалай қате басқарып жатса, тура солай мемлекетті басқарып жатыр. Өйткені отбасы – кіші мемлекет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы