Otbasy duatlon 2023: Отбасылық дуатлон мәреге жетті

25 Қыркүйек 2023, 18:07
705
Бөлісу:
Otbasy duatlon 2023: Отбасылық дуатлон мәреге жетті
Фото: Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Астанадағы Триатлон саябағында өткен отбасылық дуатлонға 60-тан аса отбасы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш сайыс балалар жылына орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Іс-шараға елордалық барлық ниет білдірген отбасылары қатысты.

Сайыстың ашылу салтанатына «Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының» басшысы Самат Жылқыбаев жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жарыс ережесімен таныстырды.

Еңсеретін қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,4 шақырым деп белгіленген. Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізілді.

Сайыс жеңімпаздары деп тқмендегі отбасылар танылды:

8-9 жас

1-орын – Вишнековтар отбасы

2-орын – Өтегеновтар отбасы

3-орын – Тоқтаровтар отбасы

10-11жас

1-орын – Пономаревтар отбасы

2-орын – Нұрмахановтар отбасы

3-орын – Бежнаровтар отбасы

12-13 жас

1-орын – Төлтебаевтар отбасы

2-орын – Еркеновтар отбасы

3-орын – Вишнековтар отбасы

Барлық қатысушы отбасығабелсенділігі үшін финишорлық медальдар мен заттай сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздар I, II, III орын дипломдарымен және теледидар, қысқатолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт сағат және «Winox» фитнес орталығынан арнайы сертфикаттар секілді бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды марапаттау және құттықтау салтанаты лотерея ұтысымен жалғасты. Нәтижесінде сәттілік номері серік болған отбасыларға 10 велосипед пен @winox_official фитнес орталығына арнайы сертификаттар үлестірілді.

Өзгелердің жаңалығы