Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. «Отбасы банкінде» зейнетақы жинақтары есебінен толтырылған депозиттерге не істеуге болады және неге тыйым салынатынын айтты.
Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде банк басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов жазды.
Жақында сіз өзіңіздің біржолғы зейнетақы төлемдеріңізді enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы Otbasy банк-тегі депозитіңізге аудара аласыз. «Отбасы банкіндегі депозитті толтыру» батырмасы қашан және қалай пайда болатыны туралы қосымша хабарлайтын боламыз. Осы арада біз ЕПҰ есебінен толтырылған депозитпен не істеуге болады, не істеуге болмайтынын айтқымыз келеді, - деп жазды Ақшанов.
БЗТ салымдары Тұрғын үй құрылыс жинақ шоттары жүйесінің стандартты шарттарына бағынады. Яғни, депозиттер бойынша банктің сыйақысы жылына екі пайыз мөлшерінде және мемлекет сыйлықақысы 20 пайыз мөлшерінде (200 АЕК-тен аспайтын бір жылдағы жинақ сомасына) алынады.
Үш жыл ішінде БЗТ арқылы толықтырылған «Отбасы банкіндегі» депозитті қолданып, тұрғын үй сатып алу қажет болады. Егер банк клиенттері белгіленген мерзімде артық зейнетақыны пайдаланбаса, олар БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Депозитті жабуға және зейнетақы артығын алуға болмайды. Шотты жапқан кезде ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Депозитті туыстарыңызға аударған кезде, депозиттегі БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Депозитті бөлу кезінде одан тек өз жинақтарыңызды, банк сыйақысын алуға болады. Егер депозит мерзімі 3 жыл және одан көп болса, онда мемлекет сыйлықақысы да, ал БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.
БЖЗҚ есебінен толықтырылған салымдарды біріктіруге рұқсат етілген. Мұны егер олар бір салымшыға тиесілі болса немесе салымдардың бірі біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылса және біріктіру жүргізілетін салымшыға тиесілі болса жасауға болады.
Интернет-банкингте біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған депозитті сатуға тыйым салынады. Оларды үшінші тұлғаның кепіл депозиті ретінде де пайдалануға болмайды
Бір жолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған Отбасы банктегі салымдар үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалады.