Отбасы банк төрағасы қаржы сұрады

10 Желтоқсан 2024, 11:15
991
Бөлісу:
Отбасы банк төрағасы қаржы сұрады
Фото: BAQ.KZ архив

Отбасы банк төрағасы Ләззат Ибрагимова елімізде қандай ипотекалық бағдарламалардың жүзеге асып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 2 мемлекеттік бағдарлама бойынша кезекте тұрғандарға баспана беру жүргізілді. Бірінші бағдарлама – “Бақытты отбасы”.  Бастапқы жарна – 10%, бағдарлама қатысушылары – мүгедек жандарды бағып отырған отбасылар, 1,2 топтағы мүгедек жандар, көпбалы отбасылар және жетім балалар. Республика бойынша 42 млрд теңге болатын 3,5 мың несие берілді. Қалған 4,5 мың несие кезекте тұрған басқа санаттар бойынша берілді, – деді Ибрагимова.

Екінші бағдарлама – “Шаңырақ”.

Жоспар бойынша алдыңғы жылдың бірінші тоқсанында банк 45 млрд теңге болатын қайтарымды соманы жаңадан береді. 2025 жылдың екінші тоқсанынан бастап тұрғын үйді пайдалануға беруді есепке ала отырып, 80 млрд теңгеге сұраныс бар. Республикалық бюджетті қарастыру кезінде аталған соманы кезекте тұрғандарға беруді ұсынамыз, – дейді ол.

Оның сөзінше, 2024 жылдың басты бағдарламалары “Наурыз” және “Отау” болды.

Олар нарықта тұрғын үй бағасын көтерілуіне жол бермеу үшін “Баспана маркет” порталы бойынша брондауға мүмкіндік берілді. Құрылысшылар осы порталға өз пәтерлерін қойғанда 12 ай бойы пәтер бағасын өсірмеуге тиіс. Қазір порталда 920 объектіден тұратын 19 мыңға жуық пәтер бар, – деді Ибрагимова.

Елімізде “Наурыз” және “Отау” бағдарламалары бойынша 68 мың 700 ұсыным берілді.

Дегенмен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Атырау облыстары бойынша тұрғын үйге дефицит байқалады. Бұл 2025 жылы қайталануы мүмкін. Келесі жылы “Наурыз” бағдарламасы бойынша 300 млрд теңге беріледі деп жоспарланып отыр.

Отбасы банкінің төрағасының айтуынша, бағдарламаны талдау кезінде 2 мәселе анықталды.

Бірінші, көптеген сатып алушы үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені жөндеу жұмыстарына шығын көбейіп кетеді. Сондықтан банк Тұрғын үй құрылыс компанияларының қауымдастығымен бірқатар кездесу өткізді. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды, сатып алушылар порталдағы пәтерді 10% салу арқылы келісім береді. Бұл 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі, – деді Отбасы банк басшысы.

Екінші мәселе - бағдарламаға қатысушы үшін салымшыда депозитте 1 млн теңге болуға тиіс.

Конкурста жеңген салымшы аз уақыт ішінде пәтердің 20%-ын салуға тиіс. Қазір 2,5 мыңнан астам өтініштің 39%-ында ғана 20% болатын жарна бар. Сондықтан 2025 жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитін 2 млн теңге болуын ұсынамыз. Бұл бағдарламаларды іске асыруды тездетеді. Бағдарламаларды жалғастыру үшін 2025 жылы қосымша 200 млрд теңге болатын облигацияларды шығарамыз. Банк облигацияны 14-15%-дан нарықтық бағамы бойынша шығарады. 7%-ға дейін мемлекет субсидия бөледі, – дейді ол.

Ибрагимова бюджеттен 8 млрд 180 млн теңге бөлуді сұрады.

2025 жылы “Наурыз” бағдарламасын табысты іске асыру үшін бюджеттен қаржы бөлу процесін тездетуді ұсынамыз. Аталған бағдарлама жас отбасылар арасында сұранысқа ие. Сондықтан банк жұмысын әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр, – деді Ибрагимова.

Өзгелердің жаңалығы