Отардағы жағы сынған сарбазға қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осыған дейін Отардағы әскери бөлімде қатардағы сарбаздын жағы сынып, ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді. Қайтуына 4 ай қалғанда сержанттар темірмен ұрып, жағын сындырғаны туралы сарбаз өзі мәлім еткен болатын. Ал анасы арада уақыт өткен соң ол туралы хабар алып, баласын жеке пәтерден тапқан.
Ал бүгін сержант оқиғаның қалай болғанын айтып, видео жариялады.
Мен сарбазды ұрған жоқпын. Оқиға қатардағы екі сарбаз арасында болды. Оқиға болған күні кезекшілігімді тапсырып, үйге қайтқанмын. Оны бейнекамералар дәлелдей алады, - деді Айдын Сайранұлы.
Ал сержанттар төбелесті деген екінші сарбаздың анасы оқиғаны ести сала, Қызылордадан Отарға келгенін жеткізді. Алайда ол бөлімшеден баласын таппаған.
Келген бойдан бөлімшеге барып, баламды іздедім. Онда жоқ. Екінші баланы анасы пәтерден табады. Сонда балаларымызды әскерге сотталып, таяқ жеу үшін жіберіп жатырмыз ба? - дейді анасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбазға күш қолданылып, оның жақ сүйегі сынған.
Сондай-ақ, Отардағы әскери бөлімде соққыға жығылып, ауыр жарақат алған сарбаздың әпкесі әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Бұдан бөлек әскерде жақ сүйегі сынған сарбаздың жағдайына қатысты Қорғаныс министрлігі де мәлімдеме жасаған еді.