Отандық жас ғалым полиэтиленге балама материал әзірлеуді қолға алды

18 Қаңтар 2022, 16:57
1752
Бөлісу:
Отандық жас ғалым полиэтиленге балама материал әзірлеуді қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жас ғалымы Нариман Қайырбеков полиэтилен пакеттерге балама жасайтын әдіс ойлап тапты. Ол соя өсімдігіне оңтайлы жағдай туғызу, сондай-ақ отын элементтерін әзірлеумен айналысады деп хабарлады оқу ордасының баспасөз қызметі.

Педагогтар отбасында дүниеге келген Нариман мектеп кезінен түрлі химия сайыстарына қатысқан. Болашақ химик университеттің ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханада ғылыми қызметін жүргізуде.

Сондай-ақ оқушы күнінен табиғи полимерлер негізінде биологиялық ыдырайтын материалдарды әзірлеу бойынша жұмысты қолға алған. Бүгінде оны жүзеге асыруда университет ғалымдарымен ынтымақтастық орнатыпты.  

Пластикалық пакеттерге балама материал болып табылатын оның жобасы крахмал негізінде биологиялық ыдырайтын материал жасау. Ғалым шикізатты қазақстандық өндірісті пайдалануды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, материалы басқалардан өзгеше болмақ.

Целлюлоза негізінде де жұмыс істеуге болады. Оларды суда еріту жеткілікті және олар қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Бұл жобамен мен мектеп қабырғасынан бері айналысып келемін, нәтижелері де бар. Олар мені ақырындап қуантады. Соңғы нәтижеге дейін әлі де жұмыс істеу керек. Биологиялық ыдырайтын материалдың қазақстандық өнімін шығару – менің үлкен арманым, - деп атап өтті жас ғалым.

Университет қабырғасында Нариман тағы бірнеше жобалармен жұмыс істейді. Оның ішінде, Ұлттық ядролық орталықтың тапсырысы бойынша – отын элементтері негізінде энергиямен қамтамасыз ету құрылғысы мен технологиясын құрумен айналысып жатыр. Жас ғалымның айтуынша, өзі жүзеге асырғысы келетін идеялар өте көп. Дегенмен, оның басты арманы – Нобель сыйлығын алу және Қазақстанның дамуына үлес қосу.

Ғылым еңбекқорлықты, шыдамдылықты, табандылықты қажет етеді. Көптеген адамдар оны түсінгенін және сүйгенін қалаймын. Өйткені оның құлдырауы көп, сондықтан шыдамдылық аса маңызды. Ұзақ уақыт бойы бір нәрсе жұмыс істемеуі мүмкін. Әлбетте дәл мұндайда еңбекқорлық пен шыдамдылық қажет. Өкінішке қарай, бәрі бірдей шыдай бермейді, – дейді Нариман Қайырбеков.

Өзгелердің жаңалығы