Отандық туынды Үндістандағы фестивальде "Үздік фильм" атанды

13 Маусым 2023, 17:33
1100
Бөлісу:
Отандық туынды Үндістандағы фестивальде "Үздік фильм" атанды
Фото: ҚР МСМ баспасөз қызметі

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен Roshani International film festival 2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аурангабад қаласында төртінші мәрте өткен халықаралық фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен талантты кинематографистерді жинады. Биыл байқауға 1300-ге жуық жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 132-і анимациялық фильмдер. 

Dala animation шығармашылық ұжымы дайындаған «Бесік жыры» мультфильмі қазылардың ең жоғары бағасын алып, көрерменнің көңілінен шықты. Туынды 2021 жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарыққа шықты.

Айта кету керек, бұл «Бесік жыры» анимациялық фильмінің алғашқы жүлдесі емес. Қазақстандық мультфильм мамыр айында Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алған еді. Ол байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылғанын айта кеткен жөн, - деді ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.

Өзгелердің жаңалығы