Отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған шаралар айқындалды

6 Желтоқсан 2023, 21:36
559
Бөлісу:
Отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған шаралар айқындалды
Фото: Көлік министрлігі

ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті 4 желтоқсаннан келесі жылдың 31 қаңтарына дейін «Көліктік бақылау қызметі отандық тасымалдаушылар мүддесін қорғауда» жыл сайынғы акциясының басталғандығын мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған акцияның негізгі мақсаты – шетелдік тасымалдаушылардың үкіметаралық келісім және ҚР Көлік заңнамасы талаптарының сақтауын қамтамасыз ету.

Жыл сайын шетелдің құзырлы органдарымен жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде халықаралық жүк тасымалдауын жүзеге асыру үшін тепе-теңдік негізде рұқсат қағаздарының алмасуы жүргізіледі.

Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Яғни, әр мемлекетке жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота беріледі. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітіп қалған жағдайда шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.

Аталған шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға және халықаралық автомобильмен тасымалдау нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшінжағдайлар жасауға, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғауға, сонымен бірге автомобильмен тасымалдаудың iшкi нарығынқорғауға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы